22.09.2014
Астана әуежайы Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтті

Астана халықаралық әуежайында Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ республикалық фестивалі аясында Басқарма төрағасының орынбасары бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты апталық өтті.

Апталық 2014 жылғы 15 қыркүйекте «Мемлекеттік тілде сөйлесейік!» атты шарамен басталды.

16 қыркүйекте тілдерді дамыту қызметі іс қағаздарын жүргізуге жауапты жұмыскерлер арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту мақсатында «Іс қағаздарын жүргізудің нағыз шебері» атты сайыс өткізді. Сайыста әр қызметтің іс жүргізушісі өзіне берілген мәтінді дұрыс және тез аударуы талап етілді. Барлығы бұл сайысқа 20 іс жүргізуші қатысып, аса белсенділік танытты.

Аталған жоспар шеңберінде 19 қыркүйекте «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басшылық құрамына мемлекеттік тілдің оқытушы Кенже Серікбекқызы Зәмзебай «Қазақстан: кеше, бүгін және мемлекеттік тіл» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа құрылымдық бөлімше бастықтары, басқарушы директорлар қатысты. Оқытушы бөлім бастықтары мен басқарушы директорлар арасында топ құра отырып, сабақты сайыс түрінде өткізіп, аудиторияны қызықтыра түсті. Ашық сабақ қызықты, өте мағыналы өтті.

Іс-шаралардың нәтижесі бойынша белсенді қатысқан, көзге түскен жұмыскерлерді, сондай-ақ,туған тілдің абырой-беделін көтеруге ұдайы үлес қосып жүрген жұмыскерлерді ынталандыру жоспарланып отыр.

IMG_9151 IMG_9170 фото неделя государственного языка 043