29.11.2010
Астана әуежайы ЕҚЫҰ саммиті кезінде әуе кемелеріне үздіксіз қызмет көрсетуге дайын. АСТАНА. Қарашаның 5-і. BNews.kz.

clip_image002[1]АСТАНА. Қарашаның 5-і. BNews.kz. – Астана әуежайы 1-2 желтоқсан күндері Қазақстан астанасында өтетін ЕҚЫҰ саммиті кезінде әуе кемелеріне үздіксіз қызмет көрсетуге дайын. Бұл жөнінде бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық Халықаралық әуежайының бірінші вице-президенті Есбол Керей хабарлады.

«Астана әуежайы ЕҚЫҰ саммиті кезінде барлық жұмылдырылған ұйымдармен бірге әуе кемелеріне үздіксіз қызмет көрсетуге әзір», – деді Е.Керей.

«Қазіргі уақытта әуежай 70-ке тарта ұшақ қабылдай алады, бұған қосымша 22 орындық жаңа тұрақ салынуда. Оның құрылысы осы айдың 20-сында аяқталады да, Астана қонақтар ұшып келетін кез-келген үлгідегі ұшақтарды қабылдай алатын болады», – дейді бірінші вице-президент.

Е.Керейдің мәліметінше, саммит күндері әуежайға әрбір 5-10 минутта ұшақтар қонады.