22.02.2010
ҚР көлік және коммуникация министірлігімен Астана-Париж авиарейсінің ашылуы қаралып жатыр. АСТАНА. Ақпанның 19 . ҚАЗИНФОРМ /Гульнара Жандағұлова/

Kөлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсаинов пен Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының өкілетті елшісі Жан-Шарл Бертонэмен өткен кездесудің нәтижесінде КТМ пресс-қызметі Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігінде Астана-Париж тура авирейстің ашылу мүмкіндігі қарастырылуда екенін хабарлайды

«Жан-Шарль Бертонэ елшісі француз жақтан Қазақстаннның көлік саласында ынтымақтастықты жетілдіруді үдеу жүргізу ниетін білдірді. «Air France» жүргізуші әуежайы Астана-Париж бағытында жұмыс істеуге дайын. Темір жол саласында «Альстом» француз компаниясы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынады», – деп ақпаратта айтылған.

Пресс-қызметінің деректері бойынша, Ә.Құсаинов барлық өзара тиімді ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін айтты. Өз кезегінде қазақ жақ жеңілтілген шарттар бойынша Еуропа-Қытай бағытында жүкті әуе тасымалдауды Қазақстан арқылы ұыймдастыруын ұсынады. ««Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұлттық тасымалдаушы компания мен «Альстом» француз компаниясы арасында жебе тәрiздi электр қозғағыштарды өндiрiсі бойынша ынтымақтастық туралы келiсiм шартқа қол қойылды.

Тараптардың кездесудің нәтижесінде нақты сұрақтар бойынша ары қарай ынтымақтастық туралы сәйкес келісімдерді қабылдауды тездету үшін ұсыныстарды жеке қарап шығуға келісті.