22.10.2014
Астана әуежайы 2014 жылдың 9 айы бойынша қорытынды шығарды

Астана әуежайы қызметінің 2014 жылдың 9 айы бойынша жолаушылар ағыны 2,2млн. адамды құрады, ол былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,5 %-ға көп.

Ішкі бағыттар бойынша 2014 жылдың 9 айы бойынша жолаушылардың жалпы көлемі 1,2 млн.адамды құрады (2013 жылмен салыстырғанда 6%-ға көбейген). Аса сұранысқа ие ішкі бағыттар Алматы, Шымкент және Ақтау болып табылады. Халықаралық бағыттарда 2014 жылдың 9 айы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны 900 мың адамды құрады, ол 2013 жылдың 9 айы бойынша көрсеткішпен салыстырғанда 17,6%-ға көп. Аса әйгілі бағыттар Франкфурт, Ыстамбұл және Әбу-Даби болып табылды.

2014 жылдың 9 айы бойынша қызмет көрсетілген рейстің саны-16589 рейс, 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өскен. Осы ретте кешіктірулер 2%-ға төмендеген және тұрақты рейстер 14,4%-ға нақты көбейген.

Өндірістік қызмет көрсеткіштерінің  негізгі өсу факторы бар рейстердің жиілігін көбейткеннен және жаңа бағыттар ашқандықтан болып отыр.

2014 жылғы маусымда Астана әуежайынан алғашқы рет Астана-Томск(«Scat» а/к) бағыты ашылды. 2014 жылғы қыркүйекте «Etihad» авиакомпаниясы Әбу-Даби қаласына рейстердің жиілігін аптасына 2-ретке дейін көбейтті. Жазғы навигация кезеңінде тұңғыш рет «AtlasJet» авиакомпаниясы Астана-Анталья бағыты бойынша тұрақты негізде рейстерді жүзеге асырды. Бұдан басқа елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Астана -Бургас және Астана – Салоники бағыттары бойынша чартерлік туристік бағдарлама үлкен сыйлық болды.

2014 жылғы маусымда Астана әуежайында жолаушылар және қонақтардың жайлылығы үшін “Fastfood” қоғамдық тамақтану пункті, “Segafredo” кофеханасы, «Экотакси» такси тіреулері ашылды. Бұдан басқа жоспарланған қайта жаңартуға байланысты ресми делегациялар залы басқа ғимаратқа көшірілді. Халықаралық VIP залда түрлі өнімі бар қосымша бар ашылды.

Ұсынылатын әуежай қызметтері сапасы және қауіпсіздік деңгейі бойынша халықаралық стандартқа сәйкес келеді.