24.10.2014
Құрметті серіктестер!

Сіздерге мәлімет ретінде дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне байланысты, Астана әуежайында «Жолаушылар терминалын жаңарту» жобасын іске асыру жоспарланғандығын хабарлаймыз.

Жоба аясында жалпы алаңы 40 мың шаршы метрді құрайтын жаңа жолаушылар терминалының, энергетикалық шаруашылық және сыртқы желілердің құрылысы, жарық сигнал жабдықтарын және метеожабдығын жаңарту қарастырылған.  Бұдан басқа, ұшу-қону жолағын және перронды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Осындай объектілердің құрылысында тәжірибесі бар компаниялардың талдауын өткізу мақсатында, Астана әуежайы аталған кәсіпорындардан ақпарат және мониторинг жинау бойынша жұмыс жүргізуде. Жүргізілген жұмыс арқасында әуежай әлемде ірі жобаларды іске асырған үздік компаниялар туралы жедел ақпаратты біліп отыратын болады.

Сіз кәсіпорын туралы ақпаратты airport-info@astanaairport.kz электрондық поштаға жолдай аласыз.