24.10.2014
Астана әуежайы қысқы кестеге көшеді

Құрметті жолаушылар, Сіздерге мәлімет ретінде Астана әуежайы күзгі-қысқы навигацияға көшуіне байланысты 2014 жылғы 26 қазаннан бастап жаңа кестеге көшетіндігін хабарлаймыз. Қысқы кестеде халықаралық рейстер саны көбейеді. 2014 жылғы 26 қазаннан бастап Астана әуежайынан «Россия» авиакомпаниясы тұңғыш рет күзгі-қысқа навигация кезеңінде Санкт-Петербург қаласына тура рейстерді аптасына 5 рет жиілікпен Эйрбас-319 сыйымды лайнерінде жүзеге асыруын жалғастыратын болады. Бұдан басқа, «ЭйрАрабиа» авиакомпаниясы Астана-Шарджа бағыты бойынша рейстер саны жиілігін аптасына екі рейстен үш рейске дейін көбейтеді. Енді «ЭйрАрабиа» авиакомпаниясының жолаушылары Астанадан Шарджаға дейін сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері ыңғайлы Эйрбас-320 ұшағында саяхатқа шыға алатын болады. 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап Астана халықаралық әуежайынан тұңғыш рет «Эйр Астана» авиакомпаниясы Тайланд астанасы Бангкок қаласына аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері жаңа Боинг-767 лайнерінде тура рейс ашады.

Сондай-ақ, Финляндия, Тайланд және Мысырға туристік чартерлік бағдарлама жоспарлануда.

Жаңа кестемен «Рейстер бойынша ақпарат/Кесте» бөлігінде танысуға болады.