21.11.2014
Астана әуежайының басымдылығы – қауіпсіздік

Астана халықаралық әуежайында қауіпсіздіктің қосымша шараларын қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар терминалының кіре берісіне тексеру жабдығы орнатылды. Терминалға екі есіктен кіруге болады. Жолаушыларды тексеруді әуежай қызметкерлері тәулік бойы жүзеге асырады. Осыған байланысты, жолаушылардан әуежайға қосымша тексеру рәсімінен өту уақытын ескере отырып келулерін сұраймыз.