28.11.2014
Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауын талқылау бойынша жиналыс

         «Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2014 жылғы 26 қарашада «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының негізгі тармақтарын талқылау бойынша елордалық әуежайдың Басқарма төрағасы Қайрат Кеңесбекұлы Жаухановтың төрағалық етуімен жиналыс өтті. Салтанатты жиналысқа 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде «Астана халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері, Есіл ауданы бойынша «Нұр Отан», «Жас Отан» жастар қанаты партиясының өкілдері қатысты.

          Мемлекет басшысы өз жолдауында Астананың инфрақұрылымын дамытуға аса назар аударған. ЭКСПО көрмесінің өткізілуіне және жолаушылар ағынының көбеюіне байланысты жаңа терминалдың құрылысы жоспарланған. Жаңа терминалдың аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды, жылына жолаушыларды өткізу қабілеттілігі 7,1 миллионға дейін артады. Әуежайдың алдында күрделі міндет тұр, бірақ бұл міндет мемлекет басшысының қолдауының арқасында орындалады.

          Салтанатты жиналыстың екінші бөлігінде «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» апталығының және «Іс қағаздарын жүргізудің нағыз шебері» атты конкурстың қорытындысы бойынша Қоғам қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Басқарма төрағасы Қ.К. Жауханов «Астана халықаралық әуежайы» АҚ 20 қызметкерін мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуде жеткен жетістіктері үшін грамоталармен марапаттады.

IMG_0143IMG_0155IMG_0240