24.12.2014
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ арнайы техниканы сату жөніндегі аукционшының қызметтері қажет

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) ашық аукциондарды (сатудың ағылшын және голланд әдістері арқылы) өткізуге байланысты, 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге арнайы техниканы сату жөніндегі аукционшының қызметтері қажет.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  1. Жоғары кәсіби білім;
  2. Аукциондық сауда өткізуге арналған біліктілік куәлігінің болуы;
  3. Аукциондық сауданы өткізу бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі;
  4. Пікірлер және ұсынымдардың болуы;
  5. Тапсырыс берушінің өтінімі және талаптары бойынша барлық қажетті құжаттаманы ресімдей отыра кез келген уақытта саудаларды өткізу;
  6. Құжаттама, аукциондар нәтижелерінің талдауын өткізу дағдылары.

 Саудаларды мемлекеттік тілде, сондай-ақ орыс тілінде өткізу қолдау табады.

Қызметтер үшін төлем жасау сатылған мүліктің есебінен жүзеге асырылады (бірақ, 1000 АЕК балама сомасынан аспайтын, оған барлық аукциондарды өткізу бойынша аукционшының барлық шегерімдері мен шығындары енеді).

Өтінімдер жұмыс күндері 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін сағат 9.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін жапсырылған конвертте келесі мекенжай бойынша қабылданады: ҚазақстанРеспубликасы, 010014 Астана қаласы, әуежай, ПББ №14, кеңсе.

Өтінімде байланыс деректемелерін көрсету қажет, сондай-ақбағаұсынысын, жекекуәліктіңкөшірмесін, салық төлеуші куәлігінің көшірмесін және негізгі талаптарға сәйкестігін растайтын басқа да құжаттарды қоса беру қажет.

Конверттерді ашуды комиссия 2014 жылғы 31 желтоқсан сағат 18.00-де келесі мекенжай бойынша жүзеге асырады: ҚазақстанРеспубликасы, 010014 Астана қаласы, әуежай, ПББ №14, «Штаб» ғимараты, 2-қабат, конференц-зал.

Анықтама алуға арналған телефондар: +7 (7172) 777-452.