24.12.2014
Астана әуежайы Жаңа жылды қарсы алуға дайындалуда…

Жаңа жылға дейін барлығы 7 күн ғана қалды. Ғаламшар мерекеге дайындалуда.  Ол мерекеден Астана әуежайы да тыс қалған жоқ. Мерекелік көңіл-күй әуежайда әбден сезіледі. Мерекенің басты белгісі – жаңажылдық шырша жаңа жолаушылар терминалы алдында вокзал маңындағы алаңда қала қонақтарын қарсы алады.

IMG_0531

IMG_0544 IMG_0526 IMG_0529 IMG_0536 IMG_0539 IMG_0540Бірінші қабаттағы күту залында өз сұлулығын паш еткен, сыйлықтары бар, барынша көз тарталық етіп безендірілген  тағы бір шырша  орнатылған.

IMG_0498IMG_0513

Жолаушылар терминалы да жарқыраған гирляндалар, түрлі-түсті шамдармен безендірілген.

IMG_0374

Жаңажылдық шырша, шарлар, қар бүршіктері терминалдың сәнін келтіріп-ақ тұр.

IMG_0479

Астана әуежайының екінші қабатында Қазақстан Республикасының ұлттық авиатасымалдаушысы «Эйр Астана» авиакомпаниясының жаңажылдық шырша, камин, жастықтары бар орындықтар орналастырылған бұрышы орын алған.  Естелікке қалдырғыңыз келсе фотосурет жасауға болады. Ал жаңа жылдың қарсаңында жолаушылар үшін кәсіби фотографтың фототүсірілімдер жасауы және фотосуреттерді лезде басып шығаруы жоспарланып отыр. Аталған акция ақысыз өткізілетін болады.

IMG_0357 IMG_0358 IMG_0360 IMG_0439IMG_0440

Астана әуежайы барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтап, 2015 жылы барлық арман – тілектеріңіздің орындалуын тілейді.