26.12.2014
«Этихад» авиакомпаниясы Астана әуежайының қызметкерлеріне алғысын білдірді

«Этихад» авиакомпаниясы бес жыл бойы Астана әуежайымен қызметтес болып келеді. Табысты жұмыстың нәтижесі жолаушылар ағынының өсуі болып табылады. Ол рейстер санының аптасына екі ретке дейін көбеюіне әкелді. Жыл қорытындысы бойынша «Этихад» авиакомпаниясы жолаушыларға қызмет көрсету қызметінің үздік қызметкерлерін адал еңбегі, шерлігі және кәсібилігі үшін марапаттау салтанатын ұйымдастырды. Марапаттау салтанаты 2014 жылғы 24 желтоқсанда Астана әуежайының конференц-залында өтті.

Астана әуежайында «Этихад» авиакомпаниясының қызмет көрсету жөніндегі басшысы М. Романенко жолаушыларға қызмет көрсету қызметінің әр агентінің ерекше қасиеттерін атап өтті. Астана әуежайының агенттері өз міндеттерін адал атқарды, алдарына қойылған міндеттерді жедел шешіп отырды, авиакомпания жолаушыларымен жұмыс істегенде қағидаларды сақтады, стандартты емес жағдайларды оңай шешіп отырды. Ең үздіктері «Этихад» авиакомпаниясынан марапатталды:

         Досмурзина Мадина- тіркеу жөніндегі супервайзер;

         Адибельбекова Мадина- тіркеу жөніндегі супервайзер;

         Утекеева Манат- тіркеу жөніндегі агент;

         Джусупова Айсулу – тіркеу жөніндегі супервайзер;

         Сарсенбаева Жанара – багажды іздеу жөніндегі агент.

Оларға авиакомпанияның атынан ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.

Авиакомпанияның Астана әуежайына алғысы Жерүстінде қызмет көрсету туралы шарт талаптарының адал орындалуын ғана емес, «Этихад» авиакомпаниясы мен Астана әуежайын байланыстырып тұрған серіктестік қатынасты да растайды.

IMG_0404IMG_0402 IMG_0400 IMG_0396 IMG_0424 IMG_0425