27.01.2015
Астана әуежайы 2014 жыл бойынша жұмыс қорытындысын шығарды

Астана әуежайы қызметінің қорытындысы бойынша 2014 жылы жолаушылар ағыны 2 960 181 құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 13% көп.

2014 жылы қызмет көрсетілген рейстер саны – 22 550 рейс, ол 2013 жылғы ұқсас кезеңмен (20 272 рейс) салыстырғанда 11% көп. Осы ретте, тұрақты рейстердің саны 10%  өссе, кешігулер 2% төмендеді.

2014 жылы өңделген жүк және поштаның саны 9 653 тоннаны құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 16% көп.

Ішкі бағыттар бойынша  2014 жылы жолаушылардың жалпы саны 1 568 896 адамды құрады (2013 жылмен салыстырғанда саны артқан).  Халықаралық бағыттар бойынша 2014 жылы қызмет көрсетілген жолаушылар саны 1 391 285 адамды құрады, ол 2013 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 42% көп.

Өндірістік қызмет көрсеткіштерінің негізгі өсу факторлары қолданыстағы рейстердің жиілігінен және жаңа бағыттардың ашылуынан артып отыр.

2014 жылы Астана әуежайынан тұңғыш рет Томск қаласына және Болгарияның Бургас, Грецияның Салоники қалаларына тұрақты рейстер ашылып, ішкі бағыттар бойынша Алматы, Шымкент, Атырау қалаларына рейстердің жиілігі артты. Астанадан ұшатын тұрақты ішкі бағыттар желісі аясында осы кезеңде Алматы, Атырау, Шымкент қалаларына ұшатын бағыттар едәуір белгілі бағыттар болды. Әбу-Даби, Ыстамбұл, Үрімші сияқты халықаралық тұрақты рейстерге жолаушылар  ағынының артқаны көрінеді.

Астана әуежайы жолаушыларына, қонақтарына Segafredo кофеханасы,«FastFood» қоғамдық тамақтану пункті, дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған демалыс бөлмесі,  VIP-залда бар, «Happycake» транзиттік залында бар, «Эйр Астана»  авиакомпаниясының жолаушылары үшін «Шаңырақ» лаундж-бары жұмыс істейді. Ішкі және халықаралық ұшу залдарындағы ұшу алдында тексеруден өту үшін тексеру алаңы кеңейтілді.

Ұсынылатын әуежай қызметтері сапасы және қауіпсіздік деңгейі бойынша ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.