25.02.2015
Астана әуежайында мемлекеттік тілді дамыту жағдайы

2015 жылғы 24 ақпанда сағат 15:00-де Астана әуежайында авиакәсіпорын қызметкерлері үшін тіл саясатын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік тілдің рөлін насихаттау және онамастика жұмыстары бойынша ақпараттық күн өтті.

Семинардың модераторы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекжан Әбдуәлиұлы.

Аталған семинарға әуежайдың 35 қызметкері қатысты. Ақпараттық күн аясында кейбір сөздер мен сөз тіркестерін орыс тілінен мемлекеттік тілге  аударған кезде туындайтын қиындықтар, қазақ аттарының шығу тарихы, адам атының мағынасымен байланысты мәселелер талқыланды. Ғалым қазақ тілінің ерекшелігін, халық менталитетін атап өтіп, антропонимика саласында ашылған  ғылыми жаңалықтармен бөлісті. Ақпарат тыңдармандардың аса қызығушылығын тудырды, өйткені бүгінгі күні қазақ халқының аты мен тегін ұлттық дәстүрлеріне сәйкес жазу аса өзекті мәселе болып отыр.

Семинар қорытындысы бойынша «Авиациялық терминдерді аудару» тақырыбында тағы да кездесу өткізу туралы шешім қабылданды.

IMG_1474 IMG_1479 IMG_1480 IMG_1503