11.03.2015
Астана әуежайында ресми таксиді анықтау

 «Астана халықаралық  әуежайы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Астана қаласы әуежайының жолаушыларын ресми тасымалдаушыны анықтауы туралы хабарландыру

 

  1. Астана қаласы әуежайының жолаушыларын ресми тасымалдаушысы үміткерлеріне келесі талаптар қойылады:

1) Автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келу;

2) елорда көлігі органымен жасасқан елордада жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметін көрсетуге арналған шарттың болуы;

3) құқық қабілеттілігі болуы:

- заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе электрондық тіркеу жүйесін пайдаланатын мемлекеттік органның ресми интернет көзіне сілтеме жасалған үміткердің өтініші;

4) төлем төлеуге қабілетті болу. Аталған талап келесімен расталады:

- екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын үміткер міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы үміткерге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасымен(егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтама ұсынылады). Анықтама ресми тасымалдаушыны анықтау туралы хабарландыру Қоғамның веб-сайтында орналастырылған күннен ерте емес берілуі тиіс;

- үш айдан артық салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік және әлеуметтік аударымдары бойынша берешектер жоқтығы және (немесе) бар болуы туралы немесе салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік және әлеуметтік аударымдары бойынша бір теңгеден кем берешектері бар болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасымен (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды есепке алмағанда). Анықтама ресми тасымалдаушыны анықтау туралы хабарландыру Қоғамның веб-сайтында орналастырылған күннен ерте емес берілуі тиіс;

5) банкроттыққа ұшырау немесе жойылу рәсіміне жатпау. Банкроттыққа ұшырау немесе жойылу рәсіміне жатпау жағынан үміткерлердің талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында банкроттыққа ұшырау немесе жойылу рәсімі өткізілуін бақылайтын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты Сараптау комиссиясы қарайды;

 6) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде таксимен тасымалдау қызметті жүзеге асыру жөнінде жасасқан шарттар бойынша міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін  жауапкершілікке тартылмау; Міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершіліктің болуы немесе болмауы туралы мәлімет болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылған ақпарат табылады;

7) Холдингтің сенімсіз әлеуетті жеткізушілерінің тізбесінде және (немесе) Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімінде болмау.  Холдинг деген «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (Қор) және акцияларының  (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалар жиынтығы;

8) жолаушылар таксомоторлы тасымалдау қызметін ұсыну нарығында бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуға тиіс. Аталған талап тиісті түпнұсқалармен немесе нотариалды куәландырылған жүкқұжаттардың көшірмелерімен, сондай-ақ, үміткер жолаушылар таксомоторлы тасымалдау қызметін көрсеткен ұжымдардың ұсыныс хаттарымен/клиент ұжымдардың оң пікірлерімен/ (түпнұсқаларымен немесе мұндай хат пікірлерді берген ұйыммен расталған көшірмелерімен) расталады;

9) ақпараттық-диспетчерлік қызметі немесе істегі ақпараттық-диспетчерлік қолдау қызметін көрсету бойынша шарты болу;

10) жылжымалы құрамды орналастыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін Астана қаласында өндірістік-техникалық базасы болу (меншікті және/немесе жалға алынған);

11) жұмыста навигациялық қамтамасыз ету құралдарын (GPS) пайдалану;

12) жұмыста қолдануға қажетті көлемде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілін меңгерген, әуежай аумағында ақпараттық-кеңес беру қызметін тәулік бойы көрсететін қызметкерлердің қажетті саны болуы тиіс.

  1. Ресми тасымалдаушы келесіні ескере отырып, бірақ шектелмей жолаушыларға кәсіптік қызмет көрсету үдерісін қамтамасыз етуге тиіс:
  • арнайы белгіленген орындарда фирмалық стильде ресімделген ақпараттық-кеңес беру пунктілерін орнатуға;
  • ақпараттық-кеңес беру пунктілерінің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
  • қажет болған жағдайда жолаушыларды жылжымалы құрамға алып жүруді қамтамасыз етуге;
  • жолаушыларды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тасымалдау қажеттігін толық қанағаттандыру үшін әуежайда он автомашинадан кем емес болуын қамтамасыз етуге.

  1. Үміткерлерден ұсыныстарды жинау – 2015 жылғы 26 наурызға дейін, Астана қ., Әуежай, ПББ-14 (штаб), 308-каб., тел.: +7(717)2 777-146 мекенжайы бойынша, жұмыс күндері сағат 09.00-ден бастап 17.00-ге дейін.

  1. Үміткерлердің ұсыныстарын қарау және қорытынды жасау – 2015 жылғы 26 наурыздан бастап 2015 жылғы 08 сәуірге дейін.

  1. Үміткерге Астана қаласы әуежайы жолаушыларын ресми тасымалдаушысын таңдау талаптарын анықтау (түсіндіру) бойынша қажетті ақпарат алу үшін Қоғамның байланыс жасайтын тұлғасына жүгінуге болады.

 Ұсынысты әзірлеумен байланысты барлық шығындарды үміткер өтейді. Қоғам үміткердің шығындарын өтеуге міндетті емес.

  1. Үміткердің қажетті ақпаратты толық бермеуі немесе анық емес мәліметтер ұсынуы Қоғамға мұндай ұсыныстардан бас тартуға құқық береді.

  1. Жеңімпазбен шарт жасасу – таңдау қорытындысы жасалған күннен бастап бір апта ішінде.