21.03.2015
Астана халықаралық әуежайы «Наурыз мейрамы» мерекесін өткізді

2015 жылғы 21 наурызда Пригородный кентінде  ұлттық мереке «Наурыз мейрамына» арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шара «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Астана қаласының Есіл ауданы әкімдігімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Іс-шараға №24 мектеп, кәсіптік – техникалық колледж, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Әлжан ана» мешітінің имамы қатысты.

Арнайы дайындалған алаңда қонақтар тек қызығып қарап қана қоймай, қонақжай қазақ киіз үйлерінен ұлттық тағамдарынан дәм тату үшін киіз үйлер орнатылды. Мерекенің басты тағамы, өмірдің 7 элементін білдіретін, жеті түрлі тағамнан жасалған Наурызкөже болды.

Мерекелік іс-шара қызметкерлердің, мектеп оқушыларының және шығармашылық ұжымдардың ән-күйімен жалғасты. Көрермен тек халық әндері мен билерін ғана көріп қоймай, спорттық, ұлттық ойындарды да тамашалады. Ең күшті, ең мықтылар бес асық, күрес, арқан тарту, гір тасты көтеру, тоғыз құмалақ, ләңгі тебу, тартыс, асық ату сияқты ұлттық спорт ойындарға қатысты. Іс-шараның ең кішкентай көрермендеріне Отан туралы білімімен бөлісу және зейінділігін көрсету үшін көңілді конкурс өткізілді.

Концерттік бағдарламаның ең кішкентай қатысушысы 8 жасар мектеп оқушысы болды. Концерттік бағдарламаның және спорт жарыстарының қатысушыларына түрлі сыйлықтар табыс етілді.

«Наурыз мейрамы – 2015» көктем мерекесі тамаша шығармашылық нөмірлер, дәмі тіл үйірер тағамдар және көңілді көңіл күймен өтті.

Ұлттық мерекелерді өткізу және қоғамдық мәдени іс-шараларды өткізу елордалық әуежайдың әлеуметтік саясатының басым бағытының бірі болып табылады.

DSC_0823 DSC_0822 DSC_0860 DSC_0987 DSC_0921 DSC_0953