27.03.2015
Астана әуежайында «Жүкті және поштаны жинақтау (ULD)» тақырыбында тренинг өтті

2015 жылғы 17-20 наурыз аралығында Астана халықаралық әуежайында Lufthansa авиакомпаниясының жетекшілік етуімен жүк тасымалдау қызметі үшін «Жүкті және поштаны жинақтау (ULD)» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке жүк терминалының 12 қызметкері қатысты. Семинар аясында мамандар жүк және поштаны жинақтау бойынша мәселелерді талқылады.  Іс-шара мақсаты – жүк терминалы мамандарының жүкті пакеттеп орау құралдарын пайдалану бойынша біліктілігін арттыру. Әуежайды мысалға келтіре отыра, нұсқаушы семинарға қатысушыларды жүк терминалының инфрақұрылымына және жабдықтарына қойылатын талаптармен таныстырды, нормативтік – регламенттік базаға шолу жүргізді, сондай-ақ белгілі әуе кемелерінің түрлерімен үйлесетін жүкті жинақтау құралдарын пайдалануға арналған ерекше пайдалану ұсынымдарына және талаптарына талдау жүргізді. Бұдан басқа, семинар барысында жүкті жинақтау құралдарын қолдану, құжаттарды ресімдеу, жүктерді жөнелту және қабылдау, қауіпті жүктерді өңдеу аясы қаралды.

Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушылар тестілеуден өтті. Тренингке қатысушыларға мерзімі 2 жылға жарамды сертификаттар тапсырылды.

2014 жылы әуежай 9653 тонна жүк өңдеді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 16 % – ға көп. Жүктің маңызды бөлігін жабдықтар, қосалқы бөлшектер, текстиль және дәрі-дәрмектер құрайды.

Астана халықаралық әуежайы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ұшу қауіпсіздігін және әуежайлық қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен тікелей байланысты, елордалық әуеайлақты дамытудағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

IMG_2164 IMG_2160