2.04.2015
«Bek Air» авиакомпаниясы тұңғыш рет Астана әуежайынан Қарағандыға тура рейс ашады

2015 жылғы 06 сәуірден бастап Астана халықаралық әуежайынан «Bek Air» авиакомпаниясы Қарағанды қаласына тура рейстер ашады. Рейстің орындалу жиілігі – аптасына 2 рет, дүйсенбі және жұма күндері. Ұшу уақыты 30 минутты құрайды. Бұл Астана қаласынан 200 шақырым қашықтықта жақын орналасқан облыс орталығына ашылған жаңа межелі пункт. Қарағанды – Қарағанды облысының  орталығы, халқы саны бойынша Қазақстанның төртінші орындағы қаласы.

театр им. Сейфуллина Бухар-жырау Ермекова дк Караганды памятник шахтерской славы