17.04.2015
Төтенше жағдайларға Астана әуежайының дайындығы

2015 жылғы 16 сәуірде «Астана халықаралық әуежайы» АҚ су тасқыны жағдайларына кәсіпорын қызметтерінің дайындығы мәселесі бойынша Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Р.Ө. Әдимолданың төрағалық етуімен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлары қаупі туындаған жағдайда қызметкерлер мен жолаушыларды қорғау, тәуекелді барынша азайту, қызмет ету тұрақтылығын арттыру, дайындық іс-шаралары әуежай қызметінде басым бағыт болып табылады.

Республиканың кейбір өңірлеріндегі қиын су тасқыны жағдайы, күннің бірден жылып кетуі, жаңбырдың жиі жаууы, өзен деңгейінің көтерілуі, арнасынан асуы қажетті алдын алу іс-шараларын өткізуге, әрекет ету жоспарын түзетуге, хабарландыру сұлбасын, күш құрамын, құралдарды және қажетті материалдық ресурстарды, мақсат бойынша қызметтердің дайындығын  нақтылауға ықпалдасты.

Осы мәселелер тыңдаудың негізгі мәні және оны кейін тиісті қызмет басшы – комиссия мүшелерінің әрі қарай талқылауы болып табылды.  Осы кезең аралығында әуежай аумағында белгілі жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда, сорғы станциялары, дренаждық құдықтар, ашық қабылдау лоттары, су ағындарына арналған арналар тазаланып, дайын жағдайға келтірілді. Қалыптасып отырған жағдай тәулік бойғы бақылауға алынған. ТЖД және басқа да мемлекеттік уәкілетті органдармен өзара байланыс ұйымдастырылған. 5000 текше метр мөлшерінде қардың қалдықтары шығарылды, 24 мың текше метр мөлшерінде еріген қар суларын сору жұмыстары жүргізілді.  Қажетті автотехника мен жабдық дайындық күйіне келтірілді. Жеке құраммен және қызметкерлермен сабақтар, нұсқамалар өткізілді. Қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алу бойынша іс-шаралар жоспарланып, тізбесі анықталды.

Әуежайдың төтенше жағдайлар бойынша өткізілген комиссия отырысы өндірістік қызметтердің белгілі дайындық деңгейін көрсетті, қауіпті су тасқаны кезеңіндегі әрекет кезінде өз күшін анықтауға және үйлестіруге мүмкіндік берді.

IMG_2681

IMG_2667 IMG_2661