18.04.2015
Елорда әуежайы сенбілік өткізді

2015 жылғы 13 сәуір – 13 мамыр аралығында елорда әкімі жариялаған экологиялық айлықты өткізу бойынша қалалық акция және абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша қалалық сенбілік аясында елорда әуежайының қызметкерлері көктемгі дәстүрлі іс-шараға белсене қатысты. Тек қана көрсетілетін қызмет сапасымен ғана емес, аумақты таза күйінде ұстау жағынан да еліміздің ең үздік әуежайлары атауын абыроймен ұстау үшін қарлы қыстан кейін аумақты және іргелес аймақты тиісті тәртіпке келтіру қажет. Кәсіпорын және сыртқы ұйым қызметкерлері бірлесе отырып, барынша күш-жігерімен қоқысты, өткен жылғы жапырақтарды жинап, ағаштар мен бұталарды сылап, гүлзарларды, шағын сәулет қалыптарын және т.б. қалпына келтірді. Барлығы 800 адам, автомобильдің 10 бірлігі және басқа да техника қатыстырылды. Өткізілген сенбіліктен кейін әуежай объектілері, аумағы әсемдікке бөленіп, көктемгі жарық күннің шуағымен жарқырай түсті.

IMG_2849

IMG_2784 IMG_2822 IMG_2841