20.04.2015
Әуежай Қарағанды облысында апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Әуежай қызметкерлері «Астана халықаралық әуежайы» АҚ кәсіподақ жұмыскерлерімен бірлесе отыра, су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы тұрғындары үшін қажетті заттарды жинау жұмысын жүргізді. Аталған акция Қазақстанның барлық қалаларында жүріп жатыр. Қарағанды облысы тұрғындарына ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған киім-кешек, ыдыс-аяқ және бұзылмайтын азық-түлік жиналды. Әуежай ұжымы Қарағанды облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына шын ниетімен көмек көрсетті.

IMG_2908