28.04.2015
Астана әуежайында Астана қаласының әкімі Ә.Р. Жақсыбековтің төрағалық етуімен мәжіліс өтті

2015 жылғы 25 сәуірде Астана қаласының әкімі Ә.Р. Жақсыбеков Астана әуежайында «Авиакәсіпорындағы қызмет көрсету сапасы» тақырыбында жұмыс мәжілісін өткізді. Мәжіліске «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Қ.К. Жауханов, қалалық құрылымдар, қазақстандық авиакомпаниялар, ҰҚК, ІІД, Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің және т.б. өкілдері қатысып, мәжіліс алдында әуежайдың инфрақұрылымын қарап шықты.

Қазіргі уақытта Астана әуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүріп жатыр.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Қ.К. Жауханов қайта жаңартудың барысы және авиакәсіпорындағы қызмет туралы айтып өтті.

Мәжіліс барысында заңсыз такси, қоғамдық көлік жұмысы, көрсетілетін қызмет сапасы сияқты мәселелер талқыланды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша қала әкімі қатысушыларға өзекті мәселелерді шешуде шара қолдануға нұсқау берді.

G35A2830 G35A2815G35A2939G35A2949