30.04.2015
Астана әуежайында «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» атты сайыс сабағы өтті

2015 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тілдерді дамыту бөлімінің 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар  жоспары аясында «Тілге құрмет – елге құрмет» сайыс сабағы өткізілді. Сабақты өткізген мемлекеттік тілді оқытушы Кенже Зәмзебай. Сабаққа жалғастырушы ІІ деңгей мен жоғары деңгей тыңдаушылары қатысты. «Тілге құрмет – елге құрмет» сайыс сабағының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қызметкерлердің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын ояту, тыңдаушылардың сөйлеу шеберлігін дамыту. Сайыс сабақ «Таныстыру», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр», «Мақал – сөздің мәйегі», «Біз терминдерді білеміз бе?», «Жарнама», «Күй – құдірет» белестерінен тұрады. Әр белестің өз шарттары бар. Сайыстың шарты бойынша жеңілген топ жеңімпаз топтың қалауын орындау қажет. Сайысқа «Болашақ» тобы және «Қырандар» тобы қатысты. Әуежайдағы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелері кеңсе меңгерушісі Г.Д. Шамкенова, тексеру қызметінің бастығы Ж.Н. Ахметов, тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Р.Е.Сейтмағанбетова жеңімпаз топты анықтады. Әр сайыста белсенділік танытқан «Қырандар» командасы жеңімпаз атанды. Іс-шаралардың нәтижесі бойынша комиссия мүшелері қазақ тілінің  тазалығын, әуезділігін, әдемілігін көрсете білген үш маманды алдағы емтихан тапсырудан босатса, бес маманды тиімділіктің негізгі көрсеткіші бойынша ынталандыруды жоспарлап отыр.

IMG_3185IMG_3188IMG_3202IMG_3219IMG_3224IMG_3229