13.05.2015
Эйр Астана авиакомпаниясы елордалық әуежайда өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектер орнатты

Тұңғыш рет Эйр Астана авиакомпаниясы жолаушыларға қолайлы болу үшін елордалық әуежайда өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектер орнатты. Енді Эйр Астана авиакомпаниясының жолаушылары (2 жасқа дейінгі балалары бар жолаушыларды есептемегенде) өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектердің қызметтерін пайдалана алады. Өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектер рейске тіркелу рәсімін өздігінен өтуге, атап айтқанда: борттан орынды өзі таңдауға және отырғызу талонын басып шығаруға мүмкіндік береді. Багажы бар жолаушылар тіркеуден өткеннен кейін багажды тапсыру орнына баруы тиіс (Drop-off). Жолаушыда тек қол жүгі ғана болса, онда тіркеуден өту қажет емес, тек Эйр Астана авиакомпаниясының қол жүгін өткізу нормаларына сәйкес болуы тиіс.

Аталған дүңгіршектердің басты ерекшелігі қосымша уақыт беріп, тіркеу орындарындағы ұзын кезектерден босататындығында. Өзін-өзі тіркеуге арналған дүңгіршектер жаңа жолаушылар терминалының 2-қабатында Эйр Астана авиакомпаниясының тіркеу орындарының алдында «В» секторында орналасқан. Барлық туындаған сұрақтар бойынша жолаушыларға авиакомпанияның кішіпейіл қызметкері кеңес беріп, көмектеседі.

Бұдан басқа авиакомпания мобильді тіркеу орнын (Mobile check-in) орнатты. Оның көмегімен жолаушылар рейске тіркелуіне болады. Мобильді тіркеу орны елордалық әуежай жолаушыларына ұзақ уақыт күтіп, қолданыстағы тіркеу орындарында кезекте тұрмай-ақ тез рейске тіркелуге мүмкіндік береді.

Астана әуежайы жолаушылар қажеттігін қанағаттандыру және елордалық әуежайдағы қызмет көрсету сапасын жетілдіру үшін барлық мүмкіндікті жасауда.

IMG_7319 IMG_7314 IMG_7316