13.05.2015
Астана әуежайында санитариялық – эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша жаттығулар өткізілді

Бүгінгі күні эпидемологиялық аурулар бойынша әлемдегі жағдай қиындап барады. Аталған жағдайға байланысты тәуекелге тиісті әрекет ету мақсатында, 2015 жылғы 13 мамырда Астана халықаралық әуежайы аумағында қаланың медициналық ұйымдарымен бірлесе отырып, Көліктегі тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департамент санитариялық эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша мүдделі құрылымдармен өзара әрекеттесуді пысықтау жаттығуларын өткізді.

Жаттығулар барысында әртүрлі қызметтің қызметкерлері заманауи құралдарды қолдана отырып, авиакөлікпен келген ықтимал науқасты емдеу іс-шараларын анықтау, қорғанысты қамтамасыз ету, тасымалдау және ұйымдастыру, сондай-ақ  қарым-қатынас жасалған аумақты жайылтпау, өңдеу және зарасыздандыру бойынша шынайы дағдыларын көрсетті.

Әуежай қызметтері санитариялық – эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша дағдылары жоғары деңгейде екендігін көрсетті.  Шындығында да қауіп туған жағдайда әуежайдың тиісті қызметтері жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігіне үлкен сенім пайда болды.

IMG_7449 IMG_7514 IMG_7527 IMG_7529 IMG_7567