18.05.2015
Астана әуежайында Волга – Днепр авиакомпаниясының валидациясы өткізілді

Еуропалық Одақ құрамына кірмейтін елдердің аумағынан ЕО елдері аумағына жүкті тасымалдау кезіндегі авиациялық қауіпсіздік мәселесін регламенттейтін Еуропалық комиссияның 2011 жылғы 25 тамыздағы №859/2001қаулысына сәйкес, ЕО мүше – мемлекеттердің авиациялық билігі 2014 жылғы 01 шілдеден бастап осындай ұшулардың орындалуына шектеулер енгізді.

Қаулыда ЕО кірмейтін елдердің ішінен ЕО елдеріне жүк және поштаны жеткізетін барлық авиатасымалдаушылар міндетті түрде ЕО елдерінің әуежайларына жүк және пошта жолдайтын елдердің әуежайларындағы жүк және пошта тасымалдау бойынша өз қызметтерінде аудит (валидация) өткізулері тиіс екендігі қарастырылған.

2015 жылғы 14-15 мамыр аралығында Астана әуежайында Еуропалық комиссияда аккредиттеу алған тәуелсіз аудитор азамат Аксель Бонн аудит өткізді. Тексеріс нәтижесі авиакомпания үшінші елдерден ЕО елдеріне жүк және пошта тасымалдау мәртебесін алуы үшін Еуропалық комиссияға жолданатын болады. Әуежай аумаққа өтуді қамтамасыз етіп, барлық қажетті ақпаратты ұсынды,

Астана әуежайы Волга-Днепр авиакомпаниясын елордалық әуежай клиенттері қатарынан үнемі көретіндігіне үміттенеді.

Изображение 316

Изображение 273