22.05.2015
Астана әуежайынан Сеул мен Тбилисиге рейстер ашылуда

«Эйр Астана» авиакомпаниясы елорда араларын жалғастыруда! Тұңғыш рет Астана әуежайынан «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2015 жылғы 02 маусымнан бастап Корея мен Грузия астаналары Сеул мен Тбилисиге тура бағыт ашады. Алдағы уақытта елорда қонақтары мен тұрғындары Сеул қаласына жайлы, ұзақ магистральді Боинг-767 авиалайнерінде аптасына бір рет сейсенбі күні және Тбилиси қаласына аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндері Эмбраер -190 бортында ұшатын болады.

Сеул фото Статуя Сечжона

Сеул Азияның аса көрікті мегаполисінің бірі болып табылады. Бұл қала әлемдік қаржы және өнеркәсіптік орталық болып есептеледі.

фото Тбилиси

Тбилиси саяхатшыларды өзінің ерекше табиғатымен, түрлі грузин тағамдарымен және саулет ескерткіштерінің әсемдігімен тәнті ететін болады. Жаңа бағыттар жолаушылар ағынын және елдер арасында туристік және экономикалық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді.