29.05.2015
Тұңғыш рет гректің «Ellinair» авиакомпаниясы Астана әуежайынан Салоникиге тура бағыт ашады

2015 жылғы 05 маусымнан бастап Астана халықаралық әуежайынан «Ellinair» авиакомпаниясы Грекия аумағы бойынша екінші орындағы қаласы, ашық аспан астындағы византиялық мұражай – Солоники қаласына туристік чартерлік бағдарлама ашады. Рейстерді орындау  жиілігі – 10/11 күнде бір рет сейсенбі және жұма күндері. Боинг-737 бортында жолаушыларды дәстүрлі грек қонақжайлығы күтеді: ыстық тамақ, түрлі шырындар, грек елінің көзге көрінерлік жерлері туралы ақпараты бар журналдар.

Елорда қонақтары мен тұрғындары «Музенидис Трэвел» туристік операторының арқасында 2 жыл бойы осы ғажайып қалаға келе алатын болады. Ұшу бағдарламасы 2015 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Салоники вид сверху ellinair-personel_13129 thessaloniki-greece_28204 thessaloniki-greece_28205