3.06.2015
Астана әуежайында «Дабыл-2015» терроризмге қарсы жаттығулар өтті

Өркениетті қоғамда террорлық актілер оқиғалары көбейгендігін, әлемдегі тынышсыз жағдайды ескере отырып, көпшілік көп жиналатын қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажет.

Осы мақсатпен 2015 жылғы 27 мамырда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ «Дабыл-2015» терроризмге қарсы оқу жаттығуларын өткізді. Жаттығу 1999 жылғы 13 шілдегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген «Терроризм актісінің жолын кесу, оның салдарын жою және барынша азайту бойынша терроризмге қарсы іс-қимыл операцияларын өткізу жөніндегі жедел штабтар туралы» ереже аясында өтті.

Жаттығулар барысында әуеде әуе кемесін басып алу болған жағдайдағы қызметкердің әрекеттері пысықталды.

Хабарландыру сұлбасы бойынша әуежай барлық әуежай қызметтерге, әлеуетті құрылымдарға, Төтенше жағдайлар департаментіне, медициналық қызметтерге хабарлады.

Бес минут ішінде дабыл жарияланғаннан кейін авиациялық қауіпсіздік қызметі мен тексеру қызметі қысқаша нұсқама алып, бақылау-өткізу пунктілерін (БӨП) бұғаттап, ұшақ қонатын аумақты және ұшу-қону жолағын қоршап алды, өртке қарсы қауіпсіздік күштері, өртке қарсы автомашиналар тұрақтармен жанасатын рульдеу жолдарын, жүк көліктері бақылау-өткізу пунктілеріне өтетін жолды бұғаттады.

Жолаушылар терминалында шекаралық және кеден қызметтерінің қызметкерлерімен бірлесе, «Дабыл» терроризмге қарсы операция жоспарына сәйкес жолаушыларды эвакуациялады. Жаттығу кепілге алынған тұтқынды құтқарумен аяқталды.

Аталаған іс-шара елордалық әуежайдың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.