3.06.2015
Астана әуежайында «Балаға шаттық сыйла!» акциясы өтті

1-2 маусымда – Астана әуежайында балаларды қорғау күніне арналған «Балаға шаттық сыйла!» акциясы өтті. Жасы 5 айлықтан 16 -ға дейінгі кішкентай жолаушыларға әуежай қызметкерлері суреттерді бояуға арналған дәптерлер, түрлі-түсті қарындаштар, ашық түсті дәптерлер мен қаламдарды сыйға тартты. Акция Қазақстанның әр өңірінен, қиыр және таяу шетелден  елордаға келген 150 баланы қамтыды. Жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау елордалық әуежайдың дәстүрі болып табылады. Жалпы жолаушылар ағынының шамамен 10 % балалардан тұрады. Астана әуежайы барлықтарыңызды мерекемен құттықтайды және кішкентай жолаушыларға саяхаттарының қызықты, сыйлықтарының көп болуын тілейді.

IMG_7854 IMG_7869 IMG_7881