4.06.2015
Астана әуежайында өртке қарсы техникалық жаттығулар өткізу

Бүгін, 2015 жылғы 02 маусымда «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Астана қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бөлімшелерімен бірлесіп «Әуе кемесі авариялық жағдайда қонған кездегі басқару органдарының, күштер мен құралдардың әрекеттері» тақырыбында өртке қарсы техникалық жаттығулар өткізді. Аталған жаттығуларда басқару ұйымдары, өрт сөндіру тактикалары және байланыс қызметтері араларындағы жан-жақты өзара әрекеттесу мәселелері пысықталды. Іс-шараға саны 90 адамнан тұратын өрт жасақтары және қамтамасыз ету бөлімшелерінің жеке құрамы және 15 бірлік техника тартылды, сондай-ақ басқарудың жылжымалы пунктілері және өрт сөндіру жөніндегі штаб жұмылдырылды. Астана әуежайының ұшуларды өрттен – авариядан – құтқаруды қамтамасыз ету қызметінде ИКАО – ның 9 А санаты бойынша сертификатталған, барлық қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған өрт сөндіру машиналарының 5 бірлігі бар. Жаттығулар барысында қызметкерлер  заманауи өрт сөндіру құралдарын қолдана отыра, нақты дағдыларын көрсете білді. Әуе кемесінің элементтерін өрттен сөндіру, зардап шеккендерді құтқару және эвакуациялау шынайы жағдай кезіндегі дағды мен білікті қабылдауға мүмкіндік берді және мақсат бойынша әрекетке жауынгерлік дайындықтыңжоғары деңгейін көрсетті. ААК, Airport Management Group шақырылған сарапшылар, авиакомпания өкілдері және Астана қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің қызметкерлері аталған іс-шараның ұйымдастырылуына және жасақтардың әрекеттеріне аса жоғары баға берді.

IMG_8039 IMG_8094

IMG_7920 IMG_7975 IMG_7979 IMG_7996