8.06.2015
Елорда әуежайы жұмыскерлерінің арасында мемлекеттік тіл бойынша емтихан өтті

Қазақстан Республикасы Елбасының Жолдауында: «Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер. Бұл үшін барлық жағдай жасалған. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз», – деп айтылған. Елбасының Жолдауында айтылғанды әуежайда жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған.

Астана халықаралық әуежайында 1500-ден астам адам жұмыс істейді. Әуежай жұмыскерлері бір тәулікте 160 рейске, 10 000 жолаушыға қызмет көрсетеді.

Жолаушыларға мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсету мақсатында, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ қызметтері мен бөлімдерінде мемлекеттік тілді қолдану және қолдану аясын кеңейту туралы ереже әзірленіп,  мақсатында мемлекеттік тілді оқыту сабақтары тұрақты негізде өткізіледі.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ-қа жұмысқа орналасқан жұмыскерлер мемлекеттік тілден сұхбаттасудан өтеді, егер лауазымдық міндеттерін орындау үшін тілді білу деңгейі жеткіліксіз болса, ақысыз негізде мемлекеттік тілді оқыту курсына жазылады. Оқыту бағдарламасы ҚАЗТЕСТ оқыту бағдарламасы мен оқу құралына негізделіп, азаматтық авиацияның салалық терминдерін ескере отырып құрастырылған. Әуежайда оқытуға барлық жағдай жасалған: мемлекеттік тілді оқыту кабинеті проектор және компьютерлермен, оқу құралдарымен, терминологиялық сөздіктермен жабдықталған. Мемлекеттік тілді оқыту сабақтарын білікті маман, филология магистрі Кенже Серікбекқызы Зәмзебай жүргізеді. Тыңдаушыларға аудио және бейне материалдардың қолданылу арқылы квест (саяхат) сабақ, интерактивті сабақ, мультимедиалық сабақ, жоба сабақ, дәстүрлі сабақ сияқты әр түрлі сабақ түрлері өткізіледі. Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясы, модульдік технология, кейс технологиясы, Блум таксономиясы сияқты заманауи технологиялар қолданылады.

Ағымдағы жылы мемлекеттік тілді оқыту сабақтары 2014 жылғы 01 қазаннан – 2015 жылғы 15 мамыр аралығында ұйымдастырылды. Бастауыш, жалғастырушы, жоғары деңгей бойынша 7 топ құрылып, 18 қызметтен І жартыжылдық бойынша 29 қызметкер,  ІІ жартыжылдық бойынша 60 қызметкер сабақты сәтті аяқтады. Барлығы – 89 қызметкер. Сонымен қатар жолаушыларға қызмет көрсететін  тексеру қызметі, жолаушыларға қызмет көрсету қызметі жұмыскерлері үшін мемлекеттік тілден арнайы бағдарламамен оқыту топтары құрылды.

Оқу жылының соңында, ағымдағы жылдың 02-04 маусым аралығында Басқарма төрағасының бұйрығымен құрылған комиссия сынақ қабылдады. Тізімге сәйкес, ағымдағы жылы курста 89 жұмыскер оқытылды, І жартыжылдықта 29 адам (ЖҚҚ агенттері мен ТҚ инспекторлары) және ІІ жартыжылдықта – 60 жұмыскер.  Сынақ қорытындысы бойынша сабаққа белсенді қатысуын ескеріп және мемлекеттік тілден жақсы білім көрсеткен тексеру қызметінің инспекторлары Кристина Харченко, Екатерина Кривенко марапаттауға ұсынылды.

IMG_8211 IMG_8228 IMG_8229