18.06.2015
Астана әуежайында ұшу қауіпсіздігі бойынша семинар өтті

2015 жылғы 18 маусымда Астана халықаралық әуежайында Цюрих (Швейцария) қаласыныңхалықаралық әуежайымен бірлесіп «Airport Management Group» басқарушы компания ұйымдастырған «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәуекел-менеджменті» тақырыбында семинар өз жұмысын бастады.

Семинарға ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторлар, әуежайдың өндірістік қызметтерінің қызметкерлері қатысты.

 Аталған семинардың басты мақсаты ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің базалық үдерісін әуежай қызметіне енгізу, соңғы нәтижесінде – ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Семинарда дәріскерлер ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп факторларын анықтау үдерісі, онымен байланысты тәуекелдерді бағалау, тиісті құралдарды пайдалана отырып тәуекелдерді азайту немесе бақылау шараларын әзірлеукіретінұшу қауіпсіздігінің тәуекел факторларын басқару үдерісі туралы әңгімеледі.

Авиациялық индустрия –ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптермен және жоғары тәуекелдермен түйіндестехнология жағынан күрделі, серпінді сала, сондықтан авиакәсіпорындардың барлығының міндеті қауіпсіздік деңгейін арттыру, яғни авиациялық инциденттер мен оқиғалардың санын төмендету үшін авиациялық қызметте қазіргі уақытта бар қауіп факторларын уақтылы айқындап, оның жағымсыз әлеуетін тоқтату.

Семинар ұйымдастырушылары ұшу қауіпсіздігі –белгілі бір адамдар тобының ғана емес, әуежай қызметіне қатысушылардың барлығыныңкүнделікті жұмысы екенін түсінуіміз қажет екенін атап өтті.

 DSC_0308 DSC_0313 DSC_0323