29.06.2015
Астана әуежайында өрт-техникалық жаттығулар өткізілді

Бүгін, 2015 жылғы 29 маусымда «АХӘ» АҚ «Аварияға ұшыраған әуе кемесіндегі өртті сөндіру» тақырыбында өрт-техникалық жаттығулар өткізілді.

Жаттығудың түсіндірмесі келесідей: Ұшақ экипажы қону кезінде ұшақты авариялық қондыруға рұқсат сұрады, ӘК ұшу-қону жолағынан шығып кеткендіктен өрт шықты.

Ақтау әуежайында жақында болған авариялық жағдай осындай жайдайларды болдырмау үшін жоспардан тыс жаттығу өткізуге себеп болды.

Аталған жаттығуларда басқару ұйымдары, өрт сөндіру тактикалары және байланыс қызметтері араларындағы жан-жақты өзара әрекеттесу мәселелері пысықталды. Іс-шараға саны 60 адамнан тұратын өрт жасақтары және қамтамасыз ету бөлімшелерінің жеке құрамы және 15 бірлік техника тартылды, сондай-ақ басқарудың жылжымалы пунктілері және өрт сөндіру жөніндегі штаб жұмылдырылды. Астана әуежайының ұшуларды өрттен – авариядан – құтқаруды қамтамасыз ету қызметінде ИКАО–ның 9 А санаты бойынша сертификатталған, барлық қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған өрт сөндіру машиналарының 5 бірлігі бар. Жаттығулар барысында қызметкерлер  заманауи өрт сөндіру құралдарын қолдана отыра, нақты дағдыларын көрсете білді. Әуе кемесінің элементтерін өрттен сөндіру, зардап шеккендерді құтқару және эвакуациялау шынайы жағдай кезіндегі дағды мен білікті қабылдауға мүмкіндік берді және мақсат бойынша әрекетке жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

 IMG_8331 IMG_8347 IMG_8354