3.07.2015
Скат авиакомпаниясы Татарстан астанасы Қазан қаласына рейстердің ұшуын қайта бастайды!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, 2015 жылғы 06 шілдеден бастап «Скат» авиакомпаниясы елорда әуежайынан Қазан қаласына жиілігі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері Боинг-737 жайлы алыс магистральді авиалайнермен рейстердің ұшуын қайта бастайды. Қазан–тарихы мен мәдениеті бай, инфрақұрылымы дамыған, мыңжылдық сәулеті бар ірі саяси, экономикалық, білім орталығы. «Скат» авиакомпаниясының арқасында Қазанмен Астана арасы жақындай түседі.

Kazan 61184 61187