8.07.2015
Елорда әуежайынан ұшатын Скат авиакомпаниясының жаңа авиақатынасы

2015 жылғы 06 шілдеде Қазақстанның елорда күнінде Скат авиакомпаниясының Астана – Қазан бағыты бойынша жаңа рейсінің ашылуы болды. Рейске 83 жолаушы тіркелді, яғни жүктеменің 50 пайыздан артығын құрады. Ол өз кезегінде, алғашқы рейстің табысты ұшуы болып саналады. Мерекелік безендірілген тіркеу орындары мен билбордтар елорда әуежайы жолаушыларына қуанышты көңіл-күй сыйлады. Ұшақтың бортында авиакомпания атынан жолаушыларға естелік сыйлықтар таратылды. Қазан әуежайына борт ұшып келгенде де  мерекелік іс-шаралар өз жалғасын тапты.

Астана әуежайы Скат авиакомпаниясының сенімді серігі болып табылады. Бірлескен жұмыс арқасында елорда әуежайынан ұшатын рейстердің бағыттық желісі жылдан-жылға кеңейіп келеді.

Астана әуежайынан Қазан қаласына ұшатын рейс дүйсенбі және бейсенбі күндері Боинг-737 авиалайнерімен орындалады.

IMG_8477