8.07.2015
Елордалық әуежайда жаңа Qazaq Air авиакомпаниясының тұсаукесері өтті

2015 жылғы 06 шілдеде Астана халықаралық әуежайында 100% акциясы «Самұрық-Қазына»  АҚ-ға тиесілі жаңа QazaqAir  авиакомпаниясының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға қатысушылардың алдында Qazaq Air компаниясының жаңа буындағы  қос қозғалтқышты  турбиналы-бұрандалы Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы көрсетілді. Жаңа заманғы ұшақ ерекше техникалық мінездемеге ие, оперативтілігі жағынан да, жолаушыларға да жайлы. Елордалық әуежайға ұшып келген авиакомпанияның борты салтанатты түрде мерекелік отшашумен қарсы алынды. Тұсаукесерде көрсетілген Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы осы аттас концерннен тапсырыспен алынған үшінші ұшақ.
Авиакомпания өкілдері авиакомпания флотының Қазақстан бойынша жолаушылар ағыны жоғары емес бағыттарға да ұшуларды тиімді орындауға мүмкіндігі бар екенін айтты. Авиакомпанияның бағыттық желісі Қазақстанның өңірлік орталықтарын біріктіретін 12 маршруттан тұрады.

Астана әуежайынан Алматы (жиілілігі аптасына 7 рет) және Балқаш (жиілілігі аптасына 3 рет) қалаларына рейстерді орындау жоспарланып отыр.

IMG_8512 IMG_8598 IMG_8636 IMG_8649