9.07.2015
Астана әуежайы 2015 жылдың І жартыжылдық жұмыстарының қорытындыларын шығарды

Астана әуежайының жұмысының қорытындысы бойынша  2015 жылғы І жартыжылдықта жолаушылар ағыны 1,4 млн. адамды құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 15,3%  артық.

2015 жылдың 6 айында ішкі бағыттар бойынша жолаушылардың жалпы көлемі 969 мың адамды құрады (2014 жылға қарағанда 19%-ға  өскен). Аса талап етілетін бағыттар Алматы, Шымкент және Ақтау болып табылады. 2015 жылдың І жартыжылдығында халықаралық бағыттарда  қызмет көрсетілген жолаушылар саны 493 мыңға жуық адамды құрады, 2014 жылғы 6 айдың көрсеткішімен салыстырғанда 8,7%-ға артық. Танымал бағыттар Франкфурт, Ыстамбұл және Мәскеу болып шықты.

2015 жылдың 6 айында қызмет көрсетілген рейстердің саны – 18158 рейс, 2014 жылғы сол кезеңмен салыстырғанда 57% – ға  артық (11 544 рейс).

Өндірістік жұмыс көрсеткіші өсуінің негізгі факторлары бұрынғы рейстер жиілігінің ұлғаюы және жаңа бағыттардың ашылуы.

Жылдың басынан бастап елордалық әуежайдан жаңа бағыттар ашылды. Ағымдағы жылдың наурызында «Эйр Астана» көптен күткен Астана-Париж рейсін ұшырды, мамырда Анталияға маусымдық рейстер қайтадан жалғастырылды, маусымда Сеул, Тбилиси және Таразға рейстер ашылды. «Скат» авиакомпаниясы Томскіге рейстерді қайтадан жалғастырды. «Бек Эйр» авиакомпаниясы Қазақстан бойынша ұшу географиясын кеңейтті, маусымның аяғында Қызылордаға, Жезқазғанға, Шымкентке рейстер ашылды. Бұдан басқа, авиакомпания Алматыға, Атырауға рейстер жиілігін ұлғайтты. Грекиялық  «Эллин Эйр» авиакомпаниясы әуесқой саяхатшыларға Салоники қаласына чартерлік туристік бағдарламасын жазғы сыйлық ретінде тарту етті.

Астана әуежайы жолаушылар мен қала қонақтарына ыңғайлы болу үшін «Эйр Астана» авиакомпаниясының жолаушыларына өзін-өзі тіркеу дүңгіршектері орнатылып,  бірыңғай такси оператор таңдалды.

Ұсынылған әуежай қызметтері сапасы мен қауіпсіздік деңгейі жағынан халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.