16.07.2015
Жаңа борттық тамақтану кешенінің ашылуы

Елордалық әуежай 45 жылдан астам борттық тамақтану бойынша табысты қызмет көрсетіп  келеді. Жылдан жылға жеткізілетін тағамдар мен тамақтану ассортименті ұлғаюда. Егер бұрын жолаушыларға бутербродтар және шай, кофе ұсынылса, бүгінгі таңда жолаушылар таңдауына тамақтанудың жетіден астам түрі ұсынылады. Жарты ғасыр бойы авиакомпания жолаушылары Астана әуежайында дайындалатын борттық тамақтануды абыроймен бағалай алды.

Жолаушылар ағынының тұрақты өсуін ескере отырып, борттық тамақтану кешенінің өнімділігін ұлғайту қажеттілігі пайда болды. Сапалы қызмет көрсетуді ұсыну мақсатында, атап айтқанда борттық тамақтану өндірісінің технологиялық процестерін жақсарту, өндірілетін өнімнің ассортиментін кеңейту, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу мақсатында ағымдағы жылы жаңа борттық тамақтану кешені пайдалануға беріледі. Бұл құрылыс – әуежайды қайта құру бағдарламалары жобаларының бірі болып табылады. Оның ашылуы елордалық әуежай дамуының түйінді кезеңдерінің бірі болып табылады. Борттық тамақтану кешенінің ғимараты авиациялық тамақтану аясында көрсетілген барлық халықаралық талаптарға сәйкес келеді. Борттық тамақтану кешені барлық қажетті арнайы техникамен жабдықталған. Әуе кемесінің кез келген түріне борттық тамақтануды жеткізу үшін 6 автолифт бар. Бүгінгі күні кешен Қазақстанда  айрықша замануи кейтеринг-кәсіпорын болып табылады.

Жаңа кешеннің аумағы 2 есе ұлғайтылды, 1-қабаттан тұратын ғимарат 3 мың ш.м. құрайды. Кешен ең заманауи және жоғары технологиялық жабдықтармен, соның ішінде 6 айға дейін азықты сақтауға болатын қатты мұздатып, тоңазытатын камералармен, сондай-ақ, дайын тағамдардың сапасын, дәмін және басқа қасиеттерін сақтайтын қарқынды салқындататын камералармен жабдықталған. Борттық тамақтану кешені сапа менеджментінің ХАССП  халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келеді. Сонымен бірге, қызметкерлерге жағдай жақсартылған – себізгілер, киім ілетін бөлмелер, асхана, демалыс бөлмесі орналастырылған.

Мәзірді әзірлеумен авиакомпаниялармен бірге Астана әуежайының кәсіби мамандар тобы айналысады. Топ 10 жылдан астам еңбек өтілі бар, «Борттық тамақтануға қызмет көрсетуді ұйымдастыру» кезеңі бойынша оқытудан өткен қызметкерлерден тұрады. Тұрақты түрде тренингтер, семинарлар өткізіледі. Негізгі клиенттер жалпы рейстер санының 60 % орындайтын  «Эйр Астана» авиакомпаниясы және чартерлік тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық авиакомпаниялар болып табылады.

Астана әуежайы ұсынылған қызметтер сапалы және жоғары деңгейде болу үшін барлық жағдайды жасайды.

10.09 - копия

IMG_1183 IMG_1186 IMG_1304 IMG_1358