24.07.2015
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында 2015 жылғы 21 шілдеден бастап Астана халықаралық әуежайында анықтама қызметіне түсетін телефон сөйлесулері жазылады. Алынған аудиожазбаны синхрондау қызмет көрсету жағдайын қайта тыңдап, оны барынша объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Жүгінген кезде анықтама бюросының кезекшісі сізге қызмет көрсететін қызметкердің нөмірін айтатынына назарыңызды аударамыз. Пікірлер мен ұсыныстар ретінде www.astanaairport.kz корпоративті сайтына жолаушылардан түскен жүгінулерді тұрақты талдау қызмет көрсету сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Астана әуежайы қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шараларды енгізуді жалғастырады. Жазба қызметкер жұмысының тиімділігін қадағалап отыруға, қиын жағдайларды талдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қауіпсіздік деңгейін көтеруге себепші болады.