27.07.2015
Астана әуежайында «Балаларды мектепке жинайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті

2015 жылғы 23 шілдеде «Балаларды мектепке дайындайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция мақсаты елордалық әуежай қызметкерлерінің әл-ауқаты төмен, көп балалы отбасыларына қолдау көрсету болып табылады. Акция шындығында осыны қажет ететін балаларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Дәстүрлі іс-шара жаңа жолаушылар терминалында өтті, мектеп оқушыларына салтанатты түрде қажетті кеңсе құралдары мен спорттық костюм, аяқ киімі бар сөмкелер тапсырылды. Барлығы әуежай қызметкерлерінің 247 баласы, №45, №24 және №2 мектептерінің мүмкіндігі шектеулі 8 оқушысы өз сыйлықтарын алды.

Астана әуежайы қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету авиакәсіпорынның басым бағыттарының бірі болып табылады.

IMG_9099IMG_9084IMG_9100