28.07.2015
Астана әуежайынан шуақты Батумиға!

2015 жылғы 30 шілдеден бастап елордалық әуежайдан тұңғыш рет Батуми (Грузия) қаласына тікелей чартерлік туристік бағдарлама ашылады. Рейсті жайлы CRJ-100 авиалайнерінде Авиаста.kz авиакомпаниясы аптасына бір рет жиілікпен жұма күндері орындайтын болады. Батуми – Грузияның екінші қаласы. Бұрын Астана әуежайынан Тбилиси қаласына жаңа бағыт ашылған болатын. Бүгінгі күні Батуми Грузияның маңызды мәдени, экономикалық және туристік орталығы болып табылады.gru13BUSZH-Marquee-215