30.07.2015
Астана әуежайында шағын футболдан турнир өткізілді

2015 жылғы 24 шілдеде Астана әуежайында қызметтер арасында шағын футбол бойынша дәстүрлі турнир өтті. Салауатты өмір салты үшін жағдай жасап, қызығушылығын арттыру – елордалық әуежайдың басым бағыттарының бірі.

Авиакәсіпорын қызметтері арасындағы өткен турнирде:

            1 орынға – тексеру қызметі;

            2 орынға – әуе кемелеріне техникалық және сервистік қызмет көрсету қызметі;

            3 орынға –әкімшілік-басқарушы қызметкерлер ие болды.

Турнирге қатысушыларға қатысқаны үшін грамоталар тапсырылды, ал жеңімпаздар өз кезегінде дипломдар мен бірінші орын үшін 80 000 теңге, екінші орын үшін 40 000 теңге, үшінші орын үшін 20 000 теңге мөлшерінде сыйлықақыларға ие болды.

Әуежай қызметкерлері арасындағы ойын аяқталғаннан кейін әуежайдың сыртқы қызметкерлерінің қатысуымен матч ұйымдастыру жоспарланып отыр.

IMG_9192IMG_9262IMG_9405