30.07.2015
Тұңғыш рет Asiana Аirlines авиакомпаниясы Астана әуежайынан Сеул қаласына тұрақты рейс ашады!

2015 жылғы 08 тамыздан бастап Астана әуежайынан Asiana Аirlines авиакомпаниясы тұңғыш рет Сеул қаласына (Оңтүстік Корея) А330 алыс магистральді авиалайнерінде аптасына 1 рет жиілікпен сенбі күндері ұшуларды бастайды. Енді Эйр Астана және Asiana Аirlines авиакомпанияларының код – шерингтік келісімнің арқасында елордалық әуежайдан аптасына 2 рет Сеул қаласына ұшуға болады. Елордалық әуежай жаңа серіктестеріне қашанда риза және әрі қарай ұзақ уақыт серіктес болатындығына сенім білдіреді.

*Asiana Airlines — Оңтүстік Корея аумағы бойынша екінші авиатасымалдаушы, 21 елге 82 халықаралық бағыт бойынша, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда 12 ішкі бағыттар бойынша рейстерді орындайды, Asiana Star Alliance одағының құрамында бар.

* «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Еуразияның бірден бір заманауи  әуежайларының бірі және жолаушыларға қызмет көрсету және өңделген жүк саны бойынша екінші орында. Күн сайын әуежай орташа есеппен 150 рейсті қабылдайды және жөнелтеді, тәулігіне 10 000 астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Астана әуежайы әуе кемелерінің  барлық түрін қабылдауға қабілетті.

Sample-0002

11789310496_003056c80b_b4ed37244a1478