11.08.2015
Астана әуежайында Asiana Airlines авиакомпаниясының бірінші рейсінің салтанатты ашылуы болып өтті

2015 жылғы 08 тамызда сағат 22:30-да Астана әуежайында «Asiana Airlines» авиакомпаниясының бірінші рейсінің салтанатты ашылуы болды. Рейсті ашу рәсімі Астана әуежайы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Р. Әдимолданың құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде бірлесіп табысты жұмыс жасауға тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, жаңа авиакомпания –бұл халықаралық орталықтармен әуе бағытын қамтамасыз ету бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыруға сәйкес келетін, елордалық әуежайдың дамуындағы маңызды қадам. Одан кейін қонақтар Asiana Airlines авиакомпаниясының бірінші рейсінің экипажына гүл шоқтарын тарту етті. Лента кесу рәсіміне Қазақстанның авиациялық билігінің, әуежайларының және авиакомпанияларының өкілдері қатысты.

Ең бірінші рейсте әуе кемесінде 200 жолаушының болуы жақсы ырым. Аталған бағыт екі елдің туристері мен бизнесмендері үшін өте қажетті бағыт болады деп үміттенеміз.

IMG_9617IMG_9668IMG_9673