18.08.2015
Астана әуежайында басшылық ауысты

2015 жылғы 14 тамызда «Airport Management Group” басқарушы компанияның шешімімен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Қ.К. Жауханов өз еркімен атқаратын лауазымынан босатылды.

Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рәділбек Өкенұлы Әдимолда тағайындалды.

Р.Ө. Әдимолда 1983 жылы Рига қаласындағы Азаматтық авиация институтын және 1987 жылы Ленинград қаласындағы Азаматтық авиация академиясын аяқтады. Азаматтық авиация комитетінде, «Қазааэронавигация» РМК басқарушы лауазымдарды атқарды. «Құрметті авиатор» төсбелгісі,  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медальдары бар.