19.08.2015
Астана әуежайы жарық-сигнал жабдығын жөндеу бойынша жоспарлы реттеу жұмыстарын жүргізеді

2015 жылғы 19-25 тамыз аралығында Астана әуежайы жарық-сигнал жабдығын жөндеу бойынша жоспарлы реттеу жұмыстарын жүргізеді, нақтырақ айтқанда, ұшу-қону жолағында жарық-сигнал оттарын жөндейді. Осыған байланысты, Астана әуежайы жергілікті уақытпен 22 сағ. 00 минуттан бастап  03 сағ. 00 минутқа дейін әуе кемелерін  қабылдамайды және шығармайды.

Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай жұмыстардың түрлері үнемі авиакәсіпорын үшін қолайлы уақытта жүргізіледі.

Әуежай тарапынан авиатасымалдаушыларға көрсетілген уақытта әуежайдың жабылу себебін көрсете отырып жазбаша хабарламалар жолданды.

Авиакомпаниялар аталған жұмыстардың жүргізілуіне түсінікпен қарады. Жөндеу жұмыстары ешқандай қолайсыздық тудырмайды және рейстерді орындауға әсерін тигізбейді. Авиакомпаниялар ұшу кестелеріне өзгерістер енгізді.

Барлық сұрақтар бойынша анықтама қызметіне 702-999 нөміріне  хабарласыңыз.