29.08.2015
Елорда әуежайына дейін жаңа автобус бағыты ашылды!

2015 жылғы 29 тамызда жолаушыларды барынша тезірек жеткізу мақсатында, аялдамалардың саны азайтылған Теміржол вокзалы – Астана халықаралық әуежайы бағыты бойынша жаңа №100 экспресс – бағыт ұйымдастырылды. Енді әуежайдан вокзалға дейін 45 минуттың ішінде жетуге болады. Аралық уақыты -10-15 минут. Бір жақтағы аялдамалардың жалпы саны -13. Жол жүру құны 150 теңгені құрайды. Автобус бағытымен мына жерде танысуға болады.