19.09.2015
Елорда әуежайы «Біз –таза қала үшін!» сенбілігін өткізді

2015 жылғы 07 қыркүйектен 07қазан аралығында елорда әкімі жариялаған экологиялық айлықты өткізу бойынша қалалық акция және абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша қалалық сенбілік аясында елорда әуежайының қызметкерлері «Біз-таза қала үшін!» атты күзгі дәстүрлі іс-шараға белсене қатысты. Күзгі-қысқы навигация кезеңі қарсаңында тек қана көрсетілетін қызмет сапасымен ғана емес, аумақты таза күйінде ұстау жағынан да еліміздің ең үздік әуежайлары атауын абыроймен ұстау үшін аумақты және іргелес аймақты тиісті тәртіпке келтіру қажет. Кәсіпорын және сыртқы ұйым қызметкерлері бірлесе отырып, барынша күш-жігерімен қоқысты, тұрмыстық қалдықтарды, ағаштар мен бұталарды сылап, гүлзарларды, шағын сәулет қалыптарын және т.б. қалпына келтірді. Барлығы 800-ден астам адам, автомобильдің 10 бірлігі және басқа да техника қатыстырылды. Өткізілген сенбіліктен кейін әуежай объектілері, аумағы әсемдікке бөленіп, күзгі жарық күннің шуағымен жарқырай түсті.

DSC_0399

IMG_3546 IMG_3596 IMG_3611 IMG_3631