22.09.2015
Астана халықаралық әуежайы «Транзит Транс Қазақстан» көрмесіне қатысты

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ Алматы қаласында 2015 жылғы 16-18 қыркүйек аралығында «Транзит Транс Қазақстан» көлік және логистика бойынша өткен Қазақстандық халықаралық көрмеге қатысты.

Биылғы жылы Астана әуежайы стендінен келушілер оның жоспары және даму перспективаларымен, ЭКСПО-2017 дайындық қызметі, әуежайдың инфрақұрылымы мен қызметтері туралы нақты ақпаратпен танысуға мүмкіндік алды.

«Транзит Транс Қазақстан» халықаралық көлік бизнесі өкілдерінің, көбінесе, экспедиторлық фирмалар, логистикалық компаниялардың қатысуы Астана әуежайының халықаралық жүк тасымалдау нарығындағы Астана әуежайының брендін қолдау үшін перспективалар ашады.

Көрме жұмысына 30 елден 110 компания қатысты. Әдеттегідей ұлттық біріккен стенділерін Латвия, Литва және Ресей көлік компаниялары шығарды. Экспозицияның қазақстандық бөлігін арасында «ҚТЖ»ҰК»АҚ, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ, «Казтранссервис» АҚ және т.б. бар үздік көлік компаниялары ұсынды.

16-09-2015transit-pr-01 IMG_9770 IMG_9788