23.09.2015
Астана әуежайында «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» акциясы өтті

2015 жылғы 23 қыркүйекте Астана қаласының жаңа жолаушылар терминалында Қазақстан халқы тілдерінің XVII қалалық фестивалі аясында Қазақстан халықтары күні мерекесі күніне орай «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» акциясы өтті. Аталған акцияны «Астана халықаралық әуежайы» АҚ, Астана қаласы бойынша тілдерді дамыту басқармасы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен және «Қазақстан» РТРК АҚ бірлесе отырып ұйымдастырды. Бұл күні әуежай жолаушылары мен елордалық қонақтарға мемлекеттік тілде қызмет көрсетілді. Әуежай қызметкерлеріне буклеттер мен елордалық әуежай атынан естелік сыйлықтар таратқан еріктілер де көмекке келді.

Акцияның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал ету, қоғамның барлық саласында кеңінен насихаттау, көп ұлтты мемлекетіміздің бірлігі мен достығын нығайту, жастарды егеменді еліміздің болашағын көркейтуге атсалысуға шақыру, Қазақстан халқының еліне деген патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Жолаушыларға қызмет көрсету қызметі, анықтама қызметі, тексеру қызметі және қауіпсіздік қызметі сияқты тікелей жолаушыларға қызмет көрсететін әуежай қызметтері толық көлемде клиенттерге қызмет көрсетуде өз білік, дағдыларын және мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсетті. Әуежай ұжымында тиісті деңгейде өткізілетін ақысыз мемлекеттік тіл сабақтарының арқасында мемлекеттік тілді меңгерген 10-нан астам ұлт өкілдері еңбек етеді.

Мемлекеттік тілді меңгермеген жолаушылар аталған акцияға ынталылықпен қарап, қолдау көрсетіп жатты.

IMG_9886 IMG_9888 IMG_9928 IMG_9931 IMG_9974

Әуежай жолаушылар мен қонақтарына қызмет көрсетудің негізі қағидаттарының бірі қызметкерлерінің бірнеше тілде сөйлейтіндігі болып табылады. Астана әуежайы Қазақстан Республикасындағы Тілдері дамыту  мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын авиакәсіпорын қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыта, осындай акцияларды өткізе отыра, белсенді іске асыруда.